АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердің өлексесін жою жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР АШМ вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен киіктердің қырылуы мәселесіне арналған жұмыс тобының отырысында белгілі болды.
Атап айтқанда, Қостанай және Ақтөбе облыстарында қырылған киіктердің саны 112 мың 475-ке жетті.
Ал Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарында қазіргі кезде 8502 киіктің өлексесін жою шаралары жүргізілді. Олардың ішінде 90 пайызы - аналық жануарлар.
Министрліктегілер жабайы жануарлардың жағдайын мониторингілеу мен киіктердің қырылуы себептерін анықтау шаралары жалғасып жатқандығын хабарлады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.