деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар барған бойда түтін арасында үш сәбидің қалғанын анықтады. Уақытты өткізбей шешім қабылдаған мамандар есікті бұзып кіргеннен басқа амал таппады. Кіреберіс бөлмеден түтінге тұншыққан 6 жасар Бақдәулет пен 3 жасар Нұрдәулетті тауып, дереу таза ауаға алып шығады. Ал 2 жасар Ерталап көзге іліне қоймаған соң пәтер ішін қайта тінтеді.
Олар асхана бөлмесіне енгенде бөлімше командирі Елібай Майданбаев сәбидің орындық жанында жылап отырғанын байқап, жауынгерлік киімімен оны тұмшалап сыртқа алып шықты. Бұл сәтте "Жедел жәрдем" қызметкерлері сәбилерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатты.