Үш сатылы сот жүйесіне көшу - азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жариялаған Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» - 100 нақты қадам бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, еліміздің сот жүйесіне өзгерістер енді.

Соның ішіндегі ең маңызды өзгерістердің бірі - бес сатылы сот жүйесінен /бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау/ үш сатылы /бірініші, апелляциялық, кассациялық/ сот төрелігі жүйесіне көшу болып отыр. «Бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйеге көшудің мәні неде, бұл қандай қажеттіліктен туындап отырған өзгеріс?», деген сұрақ барлық адамдарды жауап іздеуге шақырады.

         Үш сатылы сот жүйесі -  халықаралық тәжірибеде бар жағдай. Аралық сатылардың көп болуы сот  процестерін қасақана ұзартуға және сот шешімін орындауды созуға әкеліп соғатыны бәріне мәлім. Сот шешімінің бірнеше рет өзгеріп, күшін жою - республика атынан шешім қабылдайтын соттардың беделіне нұқсан келтіретін жағдай екені судьяларға мәлім. Бір облыстық сотта апелляциялық, кассациялық сатылары болуы, сот істерінің қаралу мерзімдерінің созылуына, шешім қабылдаудың қиындауына негіз  болуда. Сонымен қатар, бір сотта әріптес судьялардың қарым-қатынасының  бұзулуына, судьяларға біліктілігі туралы баға беруге және басқа да мәселелерге әкеліп соғатыны рас. Судьялар арасында кассациялық алқа жүзінде Жоғарғы Сотқа жүктелген қадағалау сатысы қызметін атқарып, күшіне енген сот шешімнің қайта-қайта өзгеріске ұшырауына  әкеліп отырған мысалдар бар екені мәлім. Бұл жүйе бүгінгі күні заң талабына үйлеспей, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын, адамның, қоғамның және мемлекеттің  заңды мүддесін неғұрлым жедел әрі сапалы қарау керек.

         Осындай мәселелерді ескере келе, Жаңғырту жөніндегі комиссия  ұлттық комиссия сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру туралы бастаманы қолдады. 2016 жылдан бастап бірінші саты -  аудандық соттар, апелляциялық саты - облыстық соттар, кассациялық саты -  Жоғарғы Сот деген шешім қабылданды. Еліміздің Конституциясына  және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, сондай-ақ кейбір заңдарға тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін сот жүйесі жаңа үлгіде  2016 жылдан бастап істей бастады.

         Бұл  қабылданған өзгерістер судьялардың жауапкершілігін арттыруға және  жүктемелердің артуына алып келетініне күмән жоқ. Жоғарғы Соттың жүктемесі әрине арта түседі, себебі  қазіргі кезде кассациялық сатыда өте көп істер қаралды, ал бұл істерді Жоғарғы сот қарайтын болады.Ұлт жоспарының 23 қадамында, инвестициялық даулар бойынша, жеке істерін жүргізуді құру,  Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін Инвестициялық алқаны ұйымдастыру мәселесі қаралған. Бұл жағдайда  Жоғарғы Сотта судьялар саны және аппарат қызметкерлерінің саны артылған. Апелляциялық саты судьяларының рөлі күшейді. Бұл орайда  апелляциялық саты істерді үш судьядан тұратын алқа негізінен қарайды. Қысқартылған тәртіптегі, қылмыстық теріс  қылық  бойынша,  онша ауыр емес қылмыстар және сот үкімін орындау мәселелеріне қатысты істерді судьялар бұрынғысынша  жеке қарайтын болады.

         Азаматтық істер бойынша жеңілдетілген және бұйрық арқылы іс жүргізу нысанында істер  апелляциялық сатыда шешімдерін таппақ, мұндағы мақсат -  азаматтарды  әуреге  салмай,  сот сатыларын  мейілінше азайту, сот төрелігіне  қолжетімділікті  арттыру, іс бойынша шешім тез қабылданып,  сот әділдігін орнату.

         Елбасы болашақ судьяларды  іріктеу  жүйесін қайта  қарау қажеттігін айтқан болатын. Халыққа заңды жетік білетін, заң үстемдігін әрқашан  жоғары қоятын, қара қылды қақ жаратын судьялар керек. Заман талабына сәйкес, сот корпусына қойылатын талап та тұрақты  түрде  артуда. Кәзіргі таңда еліміз қарқынды дамуда. Қоғамдық қатынастардың, әлеуметтік-экономикалық процесстердің ауқымы кеңеюде. Қазақстанды әлемдегі  дамыған 30 елдің қатарына енгізу міндетін орындау көзделуде. Ұлттық комиссия  судьялыққа үміткерлердің жасын 30 жасқа  дейін өсіру, олардың  сот саласына тікелей қатысты 5 жыл жұмыс өтілін енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Болашақта барлық судьялар міндетті түрде  сот төрелігі институтының  магистратурасында  даярлықтан өтуі тиіс. Аталған институт Президент жанындағы Мемлекттік басқару академиясының құрамынан шығарылған. Жоғарғы Соттың құзырына  берілетін туралы шешім Ұлт жоспарының 22 қадамына сәйкес,  адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу судьясына біртіндеп  беруді  қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді  қамтамасыз ету  көзделген. Сотқа дейінгі  тергеу ұғымы енгізілді,  азаматтарды  ұстау  тәртібі  регламенттелді. Тергеу судьясы  ұғымы  сот жүйесіне енгізілді. Тергеу судьясы қылмыстық істі жүргізудегі  жаңа субъект ретінде істі сотқа дейін жүргізу барысында азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғауға бағытталған қызметі жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 55 бабында тергеу судьясының өкілеттіктері нақты  белгіленген.

         Судьялық қызмет құқықтық-демократиялық елді құру  және дамыту  барысында,  әділ, қатаң заң негізінде дұрыс билік  айтуды  талап ететін  және ол жөнінде соңғы болып нүкте қоятын, заң саласындағы  жауапкершілігі  зор, мәртебесі бөлек, тек Елбасының Жарлығымен ғана тағайындалатын мемлекеттік  лауазым.

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы

Қайыпов Бөрлібай Бекжанович