Ресейдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин осындай тапсырма берді. Енді бұл іспен Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызмет пен Әлеуметтік сақтандыру және Зейнетақы қорлары айналысатын болады. Ал жолаушылар мен экипаж мүшелері алдындағы жауапкершілігін өз мойнына алған «Ингосстрах» сақтандыру компаниясы қыршын кеткен әр марқұмның отбасына 2 миллион рубльден өтемақы төлеуге уәде берді, деп хабарлайды 24.kz.