Аталмыш хабарлама Алматы қаласы әкімдігінің телеграмдағы ресми парақшасында жарияланды.
«Құрметті алматылықтар. Ұшақ апатына байланысты шұғыл түрде қан доноры керек. Алматыда қан орталығының мекенжайы Бұқар жырау, 47 үй, телефон: 274-31-99. Алматы облыстық қан құю орталығының мекенжайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 42 үй, телефон: 7 (72771) 2 28 04», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.
Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.