Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, 16 жастағы бала Сан-Хоседен Гавай аралына ұшқан жолаушы лайнерінің шассиіне жасырынған.
Жеткіншек аэродромға қоршаудың үстімен секіріп өтіп кірген. Бала 11 шақырым биіктікте ұшқан. Атмосфераның мұндай қабатында оттегі аз болып келеді. Алайда, бұған қарамастан жас жігіт дін аман.