Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Алматы облысында 7 желтоқсан күні Алакөл ауданында, «Үшарал - Достық» тас жолының «Ырғайты» учаскесінде қар құрсауында 3 көлік пен 9 адам қалып қойды.
ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД күшімен (6 адам мен 2 техника) адамдар мен көліктер жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.