делінген Еуропалық комиссия таратқан баспасөз хабарламасында. Онда аталып өтілгендей, Еуроодақтың шағын және орта кәсіпорындарының 11 пайызы тілді білмеуінен бірқатар келісімшарттардан сырт қалып, ондаған миллион еуро пайдадан қағылуда.
«Еуропалықтар тілді білу мен оны білмеу арасындағы айырмашылықты түсіне бастады. Адамның тұлғасының, оның ішінде бизнестің дамуына белсенді көмек беретін тілдер оларға бәсекелестікте артықшылықтар ұсынып, экспорттық рынокқа жол ашуда», - деп атап өтті Білім беру, мәдениет, көптілділік және жастар мәселелері бойынша еурокомиссар Андрулла Василиу.