Ұялы байланыс: 1 ақпаннан бастап шалынған қоңырауға жауап бергені үшін абоненттен ақы алынбайды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығымен 1 ақпаннан бастап шалынған қоңырауға жауап бергені үшін абоненттен ақы алынбайды.

Бұл туралы өзінің жеке блогында ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев айтты.

Министр атап көрсеткендей, қазір барлық ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарына сәйкес абонент, әңгімелесушімен байланысқа қосылғаны үшін ақы төлейді.

«Ал 1 ақпаннан бастап Бәсекелестікті қорғау агенттігімен келісіле отырып, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығымен байланысқа қосылу үшін төлем алынбайды», - деді ол.

Онымен бірге, егер осы уақытқа дейін ұялы байланыс операторлары абоненттің он бір минуттық әңгімесін 20-ға дейін «дөңгелетіп» келсе, енді аталмыш Бұйрыққа сәйкес, желі ішіндегі және өзге операторлардың қоңырауларына секундтық тарифтеу енгізілді.

Сондай-ақ осы жылдың 1 ақпанынан бастап халықаралық роуминг қызметін тарифтеудің бірлік мөлшері 30 секундқа дейін төмендетілді. Нақты айтқанда абонент ақыны өзінің сөйлескен толық 30 секунды үшін төлейтін болады. Бүгінгі жағдайда оператор, абоненттен сөйлескен 10 секунды үшін 60 секундтың ақысын алады. Алдағы жылдың бірінші қаңтарында роуминг тарифтеудің бірлік мөлшерін 10 секундқа дейін төмендету көзделіп отыр.