деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Ванкувер Олимпиадасының Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, олимпиадалық алау қозғалысы тарихындағы осынау ең ұзақ эстафетаның 106-шы күні алауды Калифорния штатының губернаторы Арнольд Шварцнеггер, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Себастьян Коэн, канадалық атақты хоккейші Уейн Гретцкидің әкесі Уолтер Гретцки алып жүретін болады. Эстафета Батыс Ванкуверде сағат 6.00-да (мәскеу уақыты бойынша 17.00-де) басталып, қаланың орталық аудандары арқылы жүріп өтіп, Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін «Би-Си Плейс» аренасына жеткізіледі.