деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
Он төртінші рет өткізілген дәстүрлі сайысқа аймақтағы жиырма үш мектептің оқушылары 258 жұмысты ұсынды.
Байқауда техникалық, гуманитарлық, экономикалық, филологиялық, тарихи, информатика және өлкетану бағыттары бойынша ғылыми жобалар сараланды. Бірінші орынды 24 оқушы иеленсе, 162 қатысушы бұл байқаудың жүлдегерлері атанды.
ПМПИ ректорының гранты бес жас зерттеушіге табысталды, олардың ішінде төртеуі - ауылдық мектептердің оқушылары.
Зияткерлік жарыстардың ұйымдастырушысы - «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы.