Вьетнам мен Ирак АӨІСШК құрамына толыққанды мүшелер ретінде қабылданбақ

АСТАНА. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Түркия Республикасында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің ІІІ-ші саммитінде кеңестің құрамына Вьетнам мен Ирак толыққанды мүшелер ретінде, ал Бангладеш бақылаушы ретінде қабылданады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Маусымның 8-і күні Түркия Республикасында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің ІІІ-ші саммитіне қатысу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы әуежайынан Ыстамбұлға ұшып шықты.

«Саммит барысында Азия кеңесі хатшылығы мен оның қызметкерлеріне, мүше мемлекеттердің өкілдеріне қатысты артықшылықтар мен иммунитеттер жөніндегі конвенцияға қол қою, сондай-ақ саммиттің қорытынды құжаты - саяси декларацияны қабылдау жоспарлануда», -деді ресми өкіл.