Вьетнамда өтетін III Азия ойындарында Қазақстан намысын спорттың 11 түрінен 82 спортшы қорғайды

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазанның 30-ы мен қарашаның 8-і аралығында Вьетнамның Ханой қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы III Азия ойындары өтеді.

Онда  Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 11 түрінен сынға түседі. Ел намысын 82 спортшы қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, бұл жарыста барлығы спорттың 27 түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады. «Жабық ғимараттағы бірінші Азия ойындары 2005 жылы Тайландта өтті. Оған біздің команда аз құрамда қатысты. 2007 жылы Макаода өткен екінші Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында 89 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түсті», делінген сайттың хабарламасында.