В.Козлов Жаңаөзендегі ереуілшілерге: «Мен мұнда Әбілязовтың атынан келдім...» - сотта бейнероликті көрсету

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтауда В.Козлов, С.Сапарғали және А.Әминовтың қылмыстық ісі бойынша айғақ дәлелдерді зерттеу Жаңаөзенге 2010 жылдың 15 наурызында келген Козловтың ереуілшілермен кездескені туралы бейнероликті көрсетуден басталды.

«Мен мұнда Әбілязовтың атынан келдім, біз онымен осында келердің алдында сөйлескенбіз. Ол өте жақсы заңгерлер, экономистер, саясаткерлердің керек екенін айтты...».

Мұнайшылардың бірінің Козловтың «Республиканың» атынан шыққаны-шықпағаны туралы сұрағына ол: «Республика» да біздікі... Мен Владимир Козловпын, біз кезінде Әбілязовпен Маңғышлақ атомдық энергетикалық комбинатында бірге жұмыс істегенбіз. Мен ақтаулықпын. 40 жыл бойы Ақтауда тұрдым, сосын, «Қазақстанның демократиялық таңдауын» ұйымдастырғанда мен Алматыға көмектесуге кеттім...», - деді.

Бейнеролик түсінбестік туындатты, өйткені соттың басталуынан бері Козловтың өзі және қорғау жағының барлық куәгерлері банкир М.Әбілязовтың тіркелмеген «Алға» партиясындағы басшылық рөлін жоққа шығарып келген болатын.