Бұл туралы «Азаттық» радиосы Мемлекеттік күзет басқармасының бастығы Игорь Калининге сілтеме жасап хабарлады.
В.Янукович Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік күзет басқармасына осындай тапсырма беріп отыр.
И.Калининнің айтуынша, қазір президент кортежінің қозғалысы кезінде туындайтын жайсыздықтарды барынша азайту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қажет болған жағдайда, нұсқаулық қайта қаралатын болады, деп атап көрсетті басқарма бастығы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның сәрсенбісінде Киевте Украина Президенті В.Януковичтің кортежіндегі машинаның қатысуымен алған жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам мерт болған еді.