деп хабарлады РБК агенттігі.
«РБК-Украина» агенттігінің хабарлауынша, құжат мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған. Жарлықта Украина президентінің еңбекақысын 50%-ға қысқартуды белгіленген тәртіппен кезек күттірмей шешу көзделген.
Сондай-ақ Украина министрлер кабинетіне Украинаның 2010 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасын пысықтауда Украина президентінің қызметін қамтамасыз ететін шығындарды қысқарту, Украинаның 2009 жылы бюджетіндегі белгіленген шығындардан тиісті мақсаттарға көзделген шығындарды 20 пайызға қысқарту, Украина президенті құрған қосымша қызметтер мен органдардың, консультативтік, кеңестік органдарының қызметін қамтамасыз ететін шығындарды азайту және осындай қысқартулар нәтижелерінде алынған шығындарды еске отырып, Украинаның «Ең төменгі күнкөріс деңгейі және ең төменгі еңбекақы белгілеу туралы» заңын орындау жөнінде тапсырмалар берілді.