Ванкувер олимпиадасында қазақстандық биатлоншылар сәтсіз өнер көрсетті

А. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарда биатлоннан ерлер арасында 10 шақырымға жарыс болды. 87 спортшы бәсекеге түскен бұл сында Қазақстан намысын қорғаған Ян Савицкий 39-шы, Александр Червяков 51-ші, Диас Кеңешов 72-ші, ал Николай Брайченко 84-ші орынды алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша қазақстандық биатлоншылардың нәтижелері көңіл көншітпеді. Бұл жарыста франциялық Винсей Жей жеңіске жетіп, олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлдені норвегиялық - Эмиль-Хагел Свенсен, қола жүлдені хорватиялық - Яков Фак иеленді.