Велоспорт: А. Винокуров «Джиро д'Италия» көпкүндігінде қайтадан көш бастады

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астана» клубының өкілі, қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров «Джиро д'Италия» көпкүндігінің жетінші кезеңінен кейін жалпы есепте қайтадан көш көш бастады.

Ал, сегізінші кезеңнен кейін жерлесіміз үстіне киген көшбасшының қызғылт жейдесін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетінші кезеңде А. Винокуров мәреге "Би-Эм-Си» командасының өкілі австралиялық Кейдэл Эванс пен «Лампре» командасының өкілі италиялық Дамиано Кунегодан кейін үшінші болып келді. Сөйтіп төртінші кезеңдегі командалық жарыстан кейін (бұл кезеңде «Астана» бесінші орын алған болатын) айырылып қалған көшбасындағы орнын қайтадан қайтарып алды.

Ал, сегізінші кезеңде А. Винокуров үстіндегі қызғылт жейдесін сақтап қалды. Бұл кезеңде жерлесіміз мәреге 8-ші болып келді. Жалпы есепте А. Винокуров 29:01:26 уақыт көрсеткішімен бірінші орында тұр. Екінші орында жерлесімізден 1 минут 12 секунд қалып келе жатқан -"Би-Эм-Си» командасының өкілі австралиялық Кейдэл Эванс, ал үшінші орында Liquigas-Doimo командасының намысын қорғаушы италиялық Винченцо Нибали тұр.