Велоспорт: А. Винокуров пен А. Кашечкин әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Швейцарияның Мендризио қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионатында бүгін ерлер жарысқа араласады. Онда велошабандоздар сөреден дара шығып жеке жарысады.

Дара жарыста еліміздің намысын Азия чемпионы Александр Винокуров пен Андрей Кашечкин қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап өтерлігі, бұл А. Кашечкиннің екі жылдық жарыстан шеттетілуден  кейінгі алғашқы жарысы. Ал А. Винокуров болса екі жылдан кейін «Астана» командасының құрамында жақында Испания жолдарында өткен «Вуэльта-2009» көпкүндігіне қатысқан болатын. Алайда, жерлесіміз әлем чемпионатына дайындығын пысықтау үшін жарыстың орта тұсында шығып кетті.