деп хабарлайды қазАқпарат.
Бұл жарыста еліміз атынан сынға түскен өзге спортшылар, атап айтқанда Асан Базаев мәре сызығын 58-ші, Дмитрий Фофонов 66-шы, Максим Иглинский 97-ші болып қиды. Ал Андрей Кашечкин болса, мәреге жетпестен жарыстан шығып қалды. Бұл сында австралиялық Кадель Эванс бірінші келіп, әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені ресейлік Александр Колобнев, ал қола медальді испаниялық Родригес еншіледі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы әлем чемпионатында сөреден дара шығып уақытқа жарысуда А. Винокуров 8-ші, ал Андрей Кашечкин 25-ші орын алған болатын. Осылайша, әлем біріншілігінде қазақстандық велошабандоздар жүлделі орындардан көріне алмады.