Велоспорт: «Джиро д'Италия» көпкүндігінде А. Винокуров жалпы есепте 6-шы орынға көтерілді

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Джиро д'Италия» көпкүндігінің 222 шақырымдық таулы-қыратты он бесінші кезеңінде «Астана» клубының капитаны қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров мәреге 5-ші болып келді. Сөйтіп жерлесіміз жалпы есепте 6-шы орынға көтерілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А, Винокуров жалпы есепте 1-ші орында тұрған Caisse d'Epargne командасының өкілі испаниялық Давид Арройодан 5 минут 51 секундқа қалып келеді. Жалпы есепте 2-ші орында Saxo Bank командасының өкілі австралиялық Ричи Порте (2,35), 3-ші орында Liquigas-Doimo командасының өкілі италиялық Иван Бассо (3,33), 4-ші орында Cervelo командасының өкілі испаниялық Карлос Састре (4,21), 5-ші орында BMC командасының өкілі австралиялық Кэдел Эванс (4,43) тұр. Велошабандоздар бүгін демалады. Ал, ертең сөреден жеке-жеке шығып жарысатын болады.