Велоспорт: «Джиро д'Италия» көпкүндігінің А. Винокуров жалпы есепте 12-ші орынға сырғыды

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Джиро д'Италия» көпкүндігінің он бірінші кезеңі «Астана» клубы және оның көшбасшысы қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров үшін сәтсіз болды.

Бұл кезеңде Винокуров бірінші орын алған «Катюша» клубының өкілі Евгений Петровтан 12 минут 45 секундқа қалып қойып, мәреге 53-ші болып келді. Сөйтіп жалпы есепте бірден 12-ші орынға сырғыды. Жалпы есепте бірінші орында Saxo Bank командасының өкілі автралиялық Ричи Порте келеді. Екінші және үшінші орындарда тиісінше Caisse d'Epargne командасының өкілі испаниялық Давид Арройо Дуран мен Liquigas-Doimo командасының өкілі хорватиялық Роберт Кисерловски тұр. Жалпы есепте 12-ші орында тұрған Винокуров Ричи Портеден 9 минут 58 секундқа қалып келеді.