«Астана» клубының өкілі, қазақстандық әйгілі велошабандоз Александр Винокуров үстіне киген қызғылт жейдесін сақтап, көш басында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
А. Винокуровтан 1 минөт 12 секунд қалып келе жатқан "Би-Эм-Си» командасының өкілі австралиялық Кейдэл Эванс екінші орында. Ал үшінші орында Liquigas-Doimo командасының намысын қорғаушы италиялық Винченцо Нибали келеді. Бүгін, он бірінші кезеңде велошабандоздар 262 шақырымға жарысады. Бұл кезеңнің 230-шы шақырымынан кейін шабандоздар өрге қарай жарысатын болады.