Конференцияда бейбітшілік пен қауіпсіздік, сонымен қатар әлдеқайда тұрақты бейбітшілік үшін шаралар мәселелері талқыланды.
Спикер ретінде сөз сөйлеген Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпауындағы жетістіктерін, ядролық сынақтарға тыйым салу саласында Қазақстан мен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты ұйымының арасындағы тиімді ынтымақтастықты, сонымен қатар ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға Қазақстанның қосқан үлесін атап өтті.
Атап өту керек, шараға қатысушылар Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында жариялаған бастамаларын қолдайды.
Конференцияға дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, Австрияның сыртқы саяси ведомствосының, үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық және студенттік ортаның өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.