«Венециялық биенналеде алғаш рет ресми түрде қазақстандық павильонның жұмысы ұйымдастырылады», - деп атап өтті министр.
Венециялық биеннале - әлемдік өнер сахнасының ең беделді форумдарының бірі. Екі жылда бір ұйымдастырылатын көркем көрмеде халықаралық деңгейдегі қазылар төрелік етеді. Қатысушы мемлекеттердің павильондарында сол елдің өнерін паш ететін дүниелер ұсынылады.