Венесуэланың бас прокурорының айтуынша, Сулоаганы тұтқындауға телемагнаттың қызметін тексеру туралы Ұлттық ассамблея депутаттарының үндеуі себеп болған. Ал телемагнат өзінің тұтқындалуын «болмай қоймайтын агрессиялық акті» деп атады. Бұл туралы «Азаттық» телеарнасы хабарлады.
Ағымдағы аптада Венесуэлада оппозицияның тағы бір өкілі - Христиан-демократиялық партиясының мүшесі Освальдо Альварес Пас тұтқындалды. Ол Globovision телеарнасына берген сұхбатында, Чавестің үкіметін есірткі картельдерімен байланысы бар деп айыптаған болатын.