Венесуэлада жер сілкіді

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Венесуэланың Карупано қаласының оңтүстік-батысына қарай 40 шақырым жерде күші 5,5 балдық жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан Пуэрто-ла-Крус қаласында да сезілген, деп хабарлайды РТР-Вести.Ru сайты.

Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы минуттарда орын алған жанталастың салдарынан 11 адам зардап шеккен, оларға медициналық көмек көрсетілді.