Жұмыс сапарының барысында Ә.Исекешев бірінші іске қосылатын кешенде тапсырылуға дайын тұрған нысандармен танысты. Бұл - вокзал ғимараты, техникалық қызмет көрсету пункттері бар теміржолдың шекарадан өтетін жеріндегі мемлекеттік қызметтегі жұмыскерлерге арналған әкімшілік ғимарат және стансалар.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. Бас мердігерлер - «АБК Құрылыс» ЖШС, «СК Базис» ЖШС. Жобалық құны - 154 млрд. теңге.