Виктор Януковичтің қызметіне кірісу рәсімі ақпанның 25-інде өтеді - Украина

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Виктор Януковичтің Украина Президенті қызметіне кірісуінің ресми рәсімі ақпанның 25-інде болады.

Бұл туралы журналистерге «Аймақтар партиясы» төрағасының орынбасары Анна Герман мәлім етті, деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.

А.Герман сондай-ақ Януковичтің президенттік сайлаудағы бұрынғы қарсыласы Сергей Тигипконы Украинаның жаңа премьер-министрі етіп тағайындау мүмкіндігін қарастырып отырғанын хабарлады.

Ал Юлия Тимошенконың штабы президенттік сайлаудың қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешіміне шағымданбақ ниетте, олар істің қайта қаралуын талап етпек.

Штаб жетекшісі Александр Турчиновтың мәлім етуінше, шағым-арыз сейсенбі күні Украинаның жоғары әкімшілік сотына тапсырылады. Турчинов сондай-ақ сот мәжілісінде Тимошенконың өзі сөйлейтінін жеткізді. Юлия Тимошенконың штаб жетекшісі, соттың бұл шағым-арызды жаңа президенттің инаугурация рәсіміне дейін қарайтынына үміт білдірді.