Бұл құқыққа солтүстікқазақстандық спортшы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мүгедектер арасында өткен Бүкіләлемдік ойындарда табысты шыққан соң ие болды. Жүзу бойынша жарыстарда Владимир үш қашықтықтың барлығынан да медаль алды. Чемпион атағы мен алтын медальды ол 100 метрлік қашықтықта малтудың ерекше түрі бойынша жеңіп алды. Ал екі күміс медальды еркін стильмен 50 метр және арқамен 50 метр жүзуде иеленді.
Әлем чемпионатына теңелетін бұл жарыстарда спортшы біліктілік көрсеткішін орындап, 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Параолимпиадалық ойындарға «В» тобы бойынша лицензия алды.
Бүкіләлемдік ойындар спорттың тоғыз түрі бойынша өтті, ал Қазақстан екі түрі - жеңіл атлетика мен жүзу бойынша қатысқан еді. Ойындарға барлығы 49 ел, оның ішінде 11-і - жүзу бойынша бақ сынасты. Бұл жарыстарда Қазақстанның құрамасы жалпыкомандалық есепте қола жүлдегер атанды.
Спортшының жаттықтырушысы Наталья Предеинаның айтуынша, ол өте қобалжыды, өйткені бұл Владимирдің халықаралық жарыстарға алғашқы рет шығуы еді. Бірақ ол барлығын тамаша орындап, үмітті ақтады.
Спортшы және оның жаттықтырушысы Қазақстан құрамасының құрамында Чехия, Дания және басқа елдердегі ірі халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Мұнда Владимир «А» тобының жоғары лицензиясын жеңіп алуға ниетті.
Өз жеңісін солтүстікқазақстандық спортшы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.