Бұл туралы аталған партияның ресми сайтында хабарланған.
Орталық аппарат хатшылығынан Владислав Косарев пен Тулеш Кенжин кетсе, сонымен қатар аталған партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен Александр Холодков босатылды. Владислав Косарев бірауыздан ҚКХП ОК құрметті хатшысы болып бірауыздан сайланды.
Сондай-ақ күн тәртібінде ҚКХП Жарғысының жаңа редакциясы мен ОК туралы ереже, депутаттық фракция және партия ардагерлері кеңесі туралы бағдарламалар қаралды.