Волейбол: алматылықтардың ел кубогындағы жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда 27-28 қазан күндері волейболдан ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтеді.

Бұған дейін 16-23 қазанда ширек финалдық сайыс өткен болатын. 19 ұпаймен бірінші орын алған павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») 1 ұпайы кем алматылықтармен жексенбі күні ақтық финалдың жолдамасы үшін сынға түседі. Ал 15 ұпаймен үшінші орын алған алаң иелері жарысты бірден жартылай финалдан бастайтын талдықорғандықтармен («Жетісу») күш сынаспақ. Егер басым түссе дүйсенбіде «Ертіс-Қазхром» мен «Алматы» жұбының жеңімпазымен ел кубогын сарапқа салатын болады.