Қазір турнир кестесінде 9 ұпаймен «ТНК Қазхром-2» (Хромтау) көш бастап келе жатыр. Одан 1 ұпайы кем «Атырау-2» волейболшылары екінші орында тұр. Ал Қызылорданың «Қорқыт Ата ҚМУ» (4 ұпай), «Қостанай (3 ұпай), «Тараз-ТармУ», (2 ұпай) «Астана -Ұлан» (1 ұпай) командалары 3-6 орындарды өзара бөлісуде.
Кеше бір күндік үзіліс алған командалар бүгін жарысты қайта жалғастырады. Онда астаналықтар қостанайлықтармен, тараздықтар қызылордалықтармен, хромтаулықтар атыраулықтармен күш сынасады. Ал ертең атыраулықтар астаналық, қызылордалықтар хромтаулық, қостанайлықтар тараздық волейболшылармен бірінші 3 турдың ақтық ойынын өткізеді.