ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Атырауда волейболдан өтіп жатқан Қазақстан кубогі үшін жарыстың жартылай финалында Оралдың «Конденсаты» алаң иелері «Атырауды» 3:1 есебімен ұтты.
«Жайық» волейбол клубынан түске мәліметке қарағанда, бүгін «Конденсат» финалда «Павлодар» клубымен кубок үшін сынға түседі.
Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсат» құрамында өзгерістер де бар. Биылдан бастап Украинадан келген қос бірдей легионер Сергей Савинский мен Юрий Шульга өнер көрсетуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).