ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігі төртінші турының ойындары мәреге жетті.
Төрт турдан кейін «Алматы» командасы 37 ұпаймен көш бастаса, «ТНК Казхром» (Хромтау) 35 ұпаймен - екінші, Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» 31 ұпаймен үшінші орында келеді. Бұл турда хромтаулықтар барлық кездесуінде жеңіске жетіп, бірінші орындағы «Алматыға» жақындай түсті.
Төртінші орындағы «Конденсаттың» 26 ұпайы бар. Олардың бесінші орындағы «Атыраумен» ұпай саны бірдей.
Оралдықтардың өз алаңында өткен турда турнир кестесіндегі жағдайын бұдан да жақсартуына мүмкіндіктері бар еді. Өкінішке қарай, демалыс күндері олар «Атырау» мен «Алматыдан» 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).