ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан «А» жоғары лига командалары арасында Оралда өтіп жатқан ХІХ ел біріншілігінің соңғы, бесінші турында «Жайық-Конденсат» жеңіліссіз келеді.
14 сәуір күні жоғары лигада көш бастап келе жатқан Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасын 3:0 есебімен ұтқан оралдықтар келесі күні дәл осындай есеппен «ЦСКА-Алматыны» жеңді. Ал шымкенттіктер тағы да сүрініп, Астананың «Ұшқын-Искрасынан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. 16 сәуірде «Жайық-Конденсат» астаналықтарды дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Кеше алаң иелері Павлодардың «Ертісінен» тағы да 3:1 есебімен басым түсті.
Соңғы тур 19 сәуірде мәреге жетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).