Бас бапкер Геннадий Паршин оған 13 спортшыны шақырып отыр. Олар - Әсет Базарқұлов, Надирхан Қадірханов, Юрий Стулов, Дмитрий Горбатков, Антон Юдин, Алексей Гутор, Виталий Мироненко, Максим Мамедов, Евгений Горчанюк, Сергей Окунев, Виталий Эрдштейн , Олег Веригин мен Сергей Кузнецов.
Ел чемпионатының жеңімпаздары сәуір айында Иранда өтетін клубтық Азия чемпионатына, шілде айында Қытайда өтетін халықаралық турнирге, тамыз айында Алматыда болатын дәстүрлі ҚР Президенті кубогы турниріне қатысады. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірлігінде 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.