Бұл додада 18 құрама бақ сынайды: Аустралия, Гонконг, Үндістан , Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Корея, Малайзия, Жаңа Зеландия, Оман, Пәкістан, Қытайлық Тайбэй, Тайланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония.
Командалар рейтингісіне сәйкес үш құрамадан 6 топқа бөлінген. Біздің құрама 30 маусым күні Үндістанмен, 1 шілде күні Оманмен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, құрлық біріншілігі U19 санатындағы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу болын саналады. Әлемдік дода жолдамасын азиялық турнирдің үздік төрт командасы иеленеді.