деп жазды РБК.
Оқиға кеше орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер Иловлин ауданындағы Сиротин аңғарынан Ұлы Отан соғысы жылдарында жасалған снарядты тапқан. Балалардың бірі табылған затты тасқа ұрған, соның салдарынан жарылыс болған.
Зардап шеккен бозбалалар түрлі деңгейдегі жарақаттармен Иловлин ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің жағдайын ауыр деп бағалауда, тағы біреуінікі - орташа ауыр. Қалған жасөспірімдердің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Волгорад облысы бойынша РФ Тергеу комитетінің тексеру органымен қосымша тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.