Денис Бортников 20 жылдан астам уақыт банк саласында қызмет атқарып келеді, оның 11 жылын ВТБ банкінде өткерген. Маман осыған дейін аталған банктің басқарма президент-төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.
«Денис Александровичтің Қазақстандағы еншілес банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлануы - өте салмақты әрі жан жақты қарастырылған шешім. Дәл қазіргі уақытта Денис Александрович ВТБ Қазақстан банкінің 2017-2019 жылдардағы даму стратегиясына сәйкес «орта және шағын бизнес» бағытындағы топқа жетекшілік етеді. Оның тәжірибесі мен стратегиялық біліктілігі алдыға қойған жоспарларымызды жүзеге асыруға септігін тигізетіндігіне сенемін», - деді ВТБ Қазақстан банкі басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. Банктің директорлар кеңесі мүшелерінің саны өзгеріссіз қалды - 7 адамды құрайды.