«GGG - «Канело» екінші жекпе-жегі 5 мамырда болады, өтетін орны анықталуда», - делінген WBC-дің Туиттер парақшасында.
Бұрын Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес «Канелоның» реванш өткізуге келісім бергенін айтқан болатын. Болжам бойынша, ол Лас-Вегаста өтуі тиіс.
Еске сала кетсек, боксшылардың 2017 жылғы 16 қыркүйектегі бірінші жекпе-жегі де сонда өтіп, бәсеке тең жағдайда аяқталған еді.