АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz .
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 43 орынға ие болып, бір сатыға көтерілді. Ал Шведова бір сатыға 49-ыншы орынға төмендеді. Зарина Дияс алғашқы жүздікке тағы үш жол жақындап, 130-ыншы орынға орналасты.
Рейтингті неміс Анжелик Кербер, румын Симона Халеп және чех Каролина Плишкова бастап тұр.
Жұптық разрядта Шведова - 14-інші орында.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.