«Біз өз тәжірибемізден ядролық энергия апатының шегі жоқ екенін көріп отырмыз», -деді Пан Ги Мун ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланған кезде қауіпсіздік басым мәселеге айналуы керек екенін атап өте келе.
БҰҰ Бас хатшысы бірнеше ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, ол ядролық қауіпсіздіктің барлық нормалары мен стандарттарын қайта қарауды ұсынды. Сонымен қатар, ядролық нысандардың қауіпсіздігі үшін үкімет жауап беру керек екенін атап өтті. Және де Пан Ги Мунннің сөзінше, ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне қолдау көрсету қажет.