деп хабарлайды ҚазАқпарат «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.
«Якутия» авиакомпаниясына қарасты ұшақ жерден көтерілу үшін қатты жылдамдықпен жүріп бара жатқан кезінде шассиінің тірегі өздігінен жиналған және ол фюзеляжімен бауырлай құлаған. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-да орын алған. Ұшақ Якутск-Олекминск рейсін орындаған. Ан-24 жолаушылары мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы да зардап шеккен жоқ.