деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
YouTube-де орналастырған Evian Roller Babies бейне-ролигі 2009 жылдың шілдесінен бері 11,3 миллион рет көрсетілген.
Роликте Evian суын ішіп, ән әуенінің ырғағымен билеп және роликтер теуіп жүрген сәбилер көрсетіледі. Клиптің басында «Evian сусынынан кейін не сезіндіңіздер?» деген сұрақ қойылады. Ортасында адам өзінің денесін және жанын сергек сезінуге мүмкіндік беретін судағы минералдардың кәусарлығы және үйлесімділігі туралы айтылады. Соңында «Live young» деген жазу көрсетіледі.
BETC EUR RSCG агенттігі әзірлеген жарнамалық науқан тек YouTube-де ғана өтті. Evian суы жарнамаланатын ролик әлемнің алты елінде аса ірі бейне-хостингтердің басты беттерінде көрсетілді.