Ыстамбұл университетінде Н. Назарбаевтың балалық шағы туралы фильм көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдағы ірі жоғары оқу орындарының бірі саналатын «Фатих» университетінде Қазақстандық фильмдер апталығы өтіп жатыр, деп хабарлады Түркиядағы ҚР елшілігінен.

Мәдени шараның ашылу салтанатына аталмыш оқу орнының ғалымдары, елдің қоғамдық-саяси және іскер топ өкілдері, қазақ диаспорасы және студенттер қатысты.

Апталық «Балалық шағымның аспаны» атты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы фильммен ашылды.