Аталған жобаның жүзеге асырылуы трансформаторлар өндірісіндегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылды. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылды.
Жобаны іске асыруда мемлекет тарапынан индустриялды аймақ аумағынан жер телімі бөлініп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия берілді. Қазіргі кезде кәсіпорын трансформаторлар өндірісі үшін құрастырушыларды (комплектующие) шығаруда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.