Проблемалық қарызы 4,9 млн теңгеден асатын азаматтар сот арқылы банкроттық рәсімдей алады. Ол үшін арызды сот органдарына береді. Бұл рәсім барысында борышкерлердің мүлкі сатуға жатады. Одан түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Қазіргі таңда мұндай процедуралар заңды тұлғаларға қолданылып жүр. Сондықтан, осы механизмді жеке тұлғаларға да қолдансақ деген ойымыз бар. Ал, борышкердің атындағы жалғыз баспанасы кредитке кепіл ретінде қойылмаған болса, қарыз алушы оны сот арқылы банкроттық рәсімдеу кезінде қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепілге қойылмаған болса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома есептен шығарылады
, - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, аталған механизм қаржы мамандарына таныс болғандықтан, жеке тұлғалар үшін де жеңіл өтуі керек.
Ал, басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян, алимент бойынша қалыптасқан қарыздар банкроттық рәсімделггеннен кейін де есептен шығарылмайды. Бұл қарыздар міндетті түрде өндіріледі. Сот арқылы банкроттықты қаржы менеджерлері жүргізе алады. Оның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығын рәсімдеп жүрген әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары және аудиторлар бар
, - деді Ержан Біржанов.