«Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында құқыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асыратын қылмыстық топты анықтады. Тергеу жұмыстары барысында ҰҚТ мүшелерінің 2019 жылғы наурыз айынан қазіргі уақытта дейін іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды тиеп-жүктемей шот-фактураларды ресімдеу жолымен заңсыз ақша қаражатын 15-тен аса жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қолға айналдырғаны белгілі болды. Салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залал көлемі шамамен 3 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Тінту жүргізу барысында мөр, ноутбук, принтер, бухгалтерлік құжаттама және жаңа жасалған шарттардың жобалары алынды», - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҰҚТ ұйымдастырушыларын қамауда ұстау түріндегі жолын кесу шарасы қолданылды.
ҚР ҚК 216-бабына сәйкес іс жүзінде жұмыстарды орындамай шот-фактураларды ресімдеу әрекетін жасағаны үшін мүлкін тәркілеп мерзімі 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.