ОРАЛ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) жеке кәсіпкер Е.Нетқалиевке қатысты қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Аталған кәсіпкер мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арнайы рұсқаты (лицензиясы) болмағанына қараастан, 2008 - 2009 жылдары Зеленов ауданы, Переметный ауылында орналасқан май құю стансысы арқылы, елеулі мөлшерде, жанар-жағар майын сақтауды және өткізуді жүзеге асырған және заңсыз кәсіпкерлік қызметінен 6,7 млн. теңгеден астам табыс тапқан.
Зеленов аудандық соты Е.Нетқалиев ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыруға, 1 жыл сынау мерзімін белгілеуге үкім кесті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).